АСТАНА
Сағат 8.30-да Назарбаев Университетінде Жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық форумы өтеді.
Сағат 9.15-те «ЭКСПО» аумағында ҚР Үкіметінің, кәсіби қауымдастықтар мен ірі халықаралық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда алғаш рет «Блокчейн реттеу: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.
Сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының құрылуына арналған «дөңгелек үстел» жоспарланған.
Сағат 10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Балалар әлемі: кітаптан өмірлік мұратқа» атты Астана қаласының 20 жылдығына арналған Халықаралық балалар жазушылары форумының салтанатты ашылуы өтеді.
Сағат 11.00-де Мәжілісте депутаттар «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездеседі.
Сағат 11.20-да «Үкімет үйінде» «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру аясында шағын несиелендіруді кеңейту туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде 2017-2018 жылдарғы жылыту маусымының өтуі және алдағы маусымға дайындыққа қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің республикалық слеті өтті.
Сағат 15.00-де ҚР ИДМ Медиа орталығында Қазақстанның инновациялық компаниялар рейтингін жасау және ең үздік инновациялық оқушы, студент, стартап, журналист және аймақтарды анықтауға бағытталған байқаудың басталуына арналған брифинг өтеді.
Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «FIFA 2018» футболдан әлем чемпионатына байланысты баспасөз конференциясы өтеді.
Спикерлер: «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин және «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин.
Сағат 15.15-те №10 емханада Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен республикалық семинар-мәжіліс өтеді.
Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры «Алтын тобылғы» дәстүрлі әдеби байқауына өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялайды. Сыйақының жалпы қоры - 5,5 миллион теңге.
Сағат 19.00-де «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Spina Bifida» ҚҚ бірлесе «Spina Bifida Fashion Show» атты қайырымдылық кешін өткізуді жоспарлап отыр.
АЛМАТЫ
Сағат 09.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан кәсіподақтарының күніне арналған «Күшімізді біріктіре отырып, болашағымызды анықтау» атты қалалық салтанатты кеш өтеді.
Сағат 09.15-те «Қазақстан» қонақүйінде Түркі кеңесінің туризм саласы бойынша жұмысшы тобының 12-ші отырысы өтеді.
Сағат 09.30-да «Holiday Inn Almaty» қонақүйінде «Қазақстанда суық құрсау шынжырды жеткізу мен сақтауды дамыту» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Сағат 11.00-де «Талғар қалашығы. Қазақстан бүкіләлемдік мұраны сақтап қала ала ма?» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 10.00 - 16.00 аралығында Өскемен қаласында академик Түймебай Әшімбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарланған.
Сағат 10.00-де Семей қаласында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №12 кітапхана-филиалында «Оқитын адам - Homo legens» жобасын жүзеге асыру аясында «Футболкалар күні» мерекесі аталып өтеді.
Сағат 19.00-де Семей қаласының орталық алаңында Рубик текшесін («Спидкубинг») жылдам жинаудан «SemeyOpen2018» халықаралық турнирінің ашылуы өтеді.
ШЫМКЕНТ
Сағат 11.00-де Шымкент қаласында «ContinentalLogisticsShymkent» ЖШС-нің көлік-логистикалық орталығы жұмысының басталуына байланысты баспасөз-брифингі өтеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Сағат 11.00-де Көкшетау қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының жаңа кеден кодексі» тақырыбында брифинг өтеді. Оған Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елдос Саудабаев, «Көкшетау - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті басшының орынбасары Владислав Гальт, Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекболат Қоқышев қатысады.