Қазақстанда 7 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 7 маусымда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.30-да Park inn қонақ үйінде Нұр-сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу аясында «Зерттеу және консалтинг орталығы» ЖШС қала әкімдігімен бірлесіп «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалар және сандық экономика» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 10.00-де Үкімет үйінде егіс науқанына қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: АШМ бірінші вице - министрі Айдарбек Сапаров.

Сағат 10.00-де ІІМ-де ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболовтың қатысуымен қоғамдық және жол қауіпсіздігін қолдау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижелері туралы брифинг өтеді.

Сағат 11.00-де «Заңгерлер - әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінде Қазақстан Президентінің сайлауына, атап айтқанда, кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінің аяқталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылады.

Сағат 16.00-де қалалық білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің қатысуымен 2019 жылдың 7 маусымында «Балаларды орта білім беру ұйымдарына онлайн тәртібінде қабылдау» тақырыбында брифинг өткізіледі.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша ашық отырыс басталады.

Сағат 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласының «Жетісу» саябағында қала әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары гала-концерт өткізеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Боралдай сақ қорғандарында «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтеді.

Сағат 10.00-де «Алматы-2» теміржол вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ алғашқы «Жолаушыларға қызмет көрсету орталығының» салтанатты ашылуы өткізеді.

Сағат 11.00-де «Қаз Жол» қонақ үйінде «Ыстықкөл-2019» туристік маусымы қарсаңында КТА Қырғыз Республикасының ҚР-дағы Бас консулдығымен бірлесіп, қазақстандық туроператорлар мен БАҚ үшін Қырғызстанның мүдделі министрліктері мен ведомстволарының қатысуымен кеңес өткізеді.

Сағат 15.00-де «Достық үйінде» дөңгелек үстел өткізіледі.