Бұл көрсеткіш былтыр осы мерзімде 64,7 мың болған еді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлімдеді.
Оның айтуынша, некенің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 8,4 адамды құрады. Сондай-ақ, ажырасулар саны да 8,9%-ға өсіп, 23,2 мыңды құрады. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2,8 адамнан келіп отыр.