«Өңірлердің көбінде инвестициялар өсуде. Жалпы алғанда, инвестициялардың өсуі 3,1 пайызды құрады. 7 өңірде өсу 20 пайыздан 76 пайыз аралығында болды. Ең жоғары өсуді Шығыс Қазақстан облысы көрсетті – 1,8 есе деңгейінде. 3 пайыздан төмен өсу 6 өңірде байқалды, оның ішінде 4 өңір бойынша төмендеу тіркелді», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, экономиканың базалық салалары арасында ең жоғары өсу құрылыс секторында байқалды. Бұл көрсеткіш 12,5 пайызды құрап отыр. Ең жоғары өсуді Түркістан облысы көрсетті – 80%. Бұл Түркістан қаласын облыс орталығы ретінде дамытудың белсенді жүргізіліп жатқанын көрсетеді. 5 пайыздан жоғары өсуге 6 өңір қол жеткізді. Ал 8 өңірде төмендеу тіркелді.
Бұдан бөлек министр қаңтарда 732 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Нұр-Сұлтан (117 мың шаршы метр), Алматы (84 мың шаршы метр) қалаларында және Маңғыстау облысында (85 мың шаршы метр) ең көп тұрғын үй пайдалануға берілді.