Вакцинация қарқыны жоғары өңірлер: Түркістан облысы (ІІ компонентпен 1 038 353 адам), Алматы қаласы (1 030 067), Шығыс Қазақстан облысы (904 186).
Сондай-ақ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, ел өңірлерінде «Pfizer» препаратымен толық егілген жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар саны 301 489-ға жетті. Вакцинаның I дозасын 564 154 адам алды.
Атап айтқанда,
І компонентпен егілді:
жасөспірімдер – 448 994;
жүкті әйелдер – 23 914;
бала емізетін әйелдер – 72 721.
ІІ компонентпен егілді:
жасөспірімдер – 245 411;
жүкті әйелдер – 14 741,
бала емізетін әйелдер – 41 326.