АСТАНА
Сағат 9.00-де Назарбаев орталығында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен Жаңартылатын энергия көздерінің 2-ші Саммиті өтеді.
Сағат 9.00-де Астана мемлекеттік қызмет хабы 40-тан астам елдің құзырлы мемлекеттік органдары мен сарапшыларының қатысуымен «Тұрақты даму мақсаттары дәуірінде мемлекеттік қызметті жетілдіру» атты халықаралық конференция өткізеді. Өтетін орны - Astana Marriott Hotel.
Сағат 09.30-да Тәуелсіздік сарайында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен пресс-брифинг басталады.
Сағат 10.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Менингококк инфекциясының ахуалы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
11.30-да «Астана Балет» театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін «Eurasian Dance Festival» ІІ Халықаралық балет өнерінің фестиваліне, сонымен қатар фантастикалық «Жизель» балетінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
16.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде «Нұр келбетті Астана» атты Халықаралық көркемсурет фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 12.30-да Арбатта Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған «Мен өмірді таңдаймын» атты акция өтеді. Шараны «Reliance» қоғамдық қоры Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен бірлесіп өткізеді.
Сағат 15.00-де Алматы қаласының қоғамдық кеңесіне қарасты мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі №6 комиссия Наурызбай ауданы әкімінің «Алматы -2020» даму бағдарламасының 2017 жылы жүзеге асуы бойынша есебін тыңдайды. Шара «Тұран» университетінің акт залында өтеді.
Сағат 18.30-да Қазақстандағы Еуропа күні мен ЕО-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығын мерекелеу аясында Еуропалық кино фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Өтетін орны: Kinopark 8 Moskva, "Мoskva". СОО.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
Сағат 10.00-де Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық мәдениет үйінде "MEN QAZAQPYN" телевизиялық мегажобасының облыстық іріктеу туры өтеді.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Сағат 10:00-де «Бақытты бала» жобасы аясында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы облыстық (түзетім) балабақша ашылады.