НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.30-да Ішкі істер министрлігінің ғимаратында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер бір күн бұрын тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпараттармен бөліседі.
Ертең «Барыс-арена» мұз айдынында ҚР Тұңғыш Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Жарыс күні сағат 13:00-де жеребе тарту рәсімі өтіп, сондай-ақ концерттік бағдарлама мен тамаша шоу ұйымдастырылады. Финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 балуан белдеседі.
Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі. ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.
АЛМАТЫ
Сағат 16.00-де «METRO» орталығының ғимаратында бірінші қазақстандық крафт сусындарының (үйде әзірленген) фестивалі өтеді.