Қазақстанда 8 мыңнан астам теміржолшы білімін жетілдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Теміржол көлігі персоналын дамытуды бағалау орталығы» және Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларындағы оқу орындарында 230 мамандық бойынша теміржолшылар білімін жетілдірді, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.

Ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарында ұқсас мамандықтарға даярлау қайта даярлау арнайы сұраныстар бойынша жүргізіледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ оқу орталығында теміржолшылар жолаушылар тасымалдау, локомотив, вагон шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, ақау табушы, тасымалдау үдерісі, электрлендіру мен энергетика, белгі беру және байланыс, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, өнеркәсіп қауіпсіздігі және басқа да мамандық түрлеріне баулиды. Өндірістегі кадрлерді ұқсас мамандықтарға қайта даярлау үш айдан алты айға дейін жүргізіледі. Олардың ішінде электровоз, тепловоз машинистері, дрезина жүргізуші, электромеханиктер, станция кезекшілері, жол шебері, жол бригадиріне маңыз берілген. Теміржол көлігі мамандарының персоналық дамыту орталығында оқытуға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Онда өндірісте ысылған білікті оқытушылар сабақ береді. Материалдық техникалық базасы жақсы. Оқу зертхана кешенімен, соңғы үлгідегі инновациялық техникалармен жарақтандырылған.