Министрліктің баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, Қазақстанда сегіз сағаттан кем жұмыс істеуге рұқсат берілетін мамандық түрі жоқ.
Ал, жұмысшыларға арналған Кодекстің 69 бабына сәйкес, 18 жасқа толмаған тұлғалар, яғни, 14-16 жастағы балалар аптасына 24 сағаттан артық, ал 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек. Яғни, олар үшін жұмыс күні қысқартылуы тиіс.
Ал, денсаулыққа зиян тигізетін орындардағы жұмысшыларға ішінара аптасына 36 сағат жұмыс істеу құқығы беріледі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де бір аптадағы жұмыс сағаты кемінде 36 сағат ретінде белгіленуі қажет. Яғни, бірінші және екінші топтағы мүгедек жандар үшін бір күндегі жұмыс 7 сағаттан аспауы керек. Министрліктің баспасөз қызметі еске салғандай, Еңбек кодексіне сәйкес, бір аптада бес күнгі немесе алты күнгі жұмысты белгілеу жұмыс берушінің қарауына жатады.