Қазақстанда 8 тамызда өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 тамыз күні еліміздің аумағында өтетін ең маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

Сағат 9-00-де «Назарбаев» Унивреситетінде Халықаралық органикалық емес фосфат материалдар-2018 симпозиумы жұмысын бастайды.

Ал сағат 09-30-да EXPO аумағындағы «Hilton Astana» қонақ үйінде Түркі кеңесіне мүше-мемлекеттер туризм жөніндегі министрлерінің 4-ші кездесуі өтеді.

Сағат 11-00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаб Дамирчилумен кездеседі.

Дәл осы уақытта Назарбаев орталығында «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» халықаралық жас ғалымдар форумының ресми ашылуы болады. 

Сондай-ақ сағат  11-00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында  «Қазақстан брендтері. Brandsof  Kazakhstan» кітабы екінші томының тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12-20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан мәдениетін Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдерге таныстыру шаралары туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15-00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғимаратында Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабирбаевтың, Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры жарқын Тілеукеновтің, Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры айжанат Құштарованың және агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты болады.

Ал сағат 16-00-де Астана әкімдігінің ғимаратында кеңейтілген отырыс өтіп, онда мемлекеттік қызмет саласындағы қалалық мемлекеттік органдардың жұмысына қортынды шығарылады.

Кешкі сағат 19-00-де ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі - Пабло Пикассоның бірегей  көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.