Қазақстанда 800-ден астам адам коронавирустан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 24 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл өткен тәуліктегіге қарағанда көбірек (15 адам), деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 1 қарашадағы мәлімет бойынша, 812 адам коронавирус инфекциясынан (–668 және 144 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 74 пациент стационарда, 738 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 3 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ 10 842 967 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін алса, 10 604 954 адам II компонентін салдырған. Ревакцинацияланғандар саны – 5 609 917.