Жолдағы апаттардың 90 пайыздан астам (11 797) жағдайында ЖКО-лар жүргізушілер кінәсінен болып жатады, оның ішінде 452-сі алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
ЖКО-лар салдарынан 1715 адам көз жұмды, оның ішінде 171-і кәмелетке толмағандар.
Ағымдағы жылы 844 жол-көлік оқиғасында қоғамдық және жолаушылар көлігі байқалған. Осы апаттардан 57 адам қаза болып, 1 135-і жарақат алды. Олардың көпшілігі (306 ЖКО) автобус жүргізушілері кінәсінен орын алған көрінеді. Бұл тұрғыда жүргізушілердің үшеуі ЖКО кезінде көлікті алкогольдік масайған күйінде басқарған.