Қазақстанда 85 мыңнан астам жылжымайтын мүлік заңдастырылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 85 мыңнан астам жылжымайтын мүлік заңдастырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сағынаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, осы күнге дейін мүлік пен ақшаны жария етуге арналған өтініштердің сомасы 1,8 трлн. теңгеден асып, оның 1,7 трлн. теңгесі ресми жария етілген. Бұл сомаға мыналар кіреді: 683,2 млрд. теңгенің Қазақстан аумағында орналасқан мүліктері, 2 млрд. теңгенің елімізден тысқаруы аумақтағы мүліктер және 894 млрд. теңге ақша.

«85 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді. Оның ішінде 6 мыңға жуығы коммерциялық нысандар», - деді Е.Сағынаев.

Басқарма басшысы орынбасарының атап өтуінше, жекешелендіру акциясы барысында өз мүлкін жария ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға 91 мыңнан астам азамат жүгінген.

Естеріңізге сала кетейік, мүлікті жария ету акциясы осы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.