Қазақстанда 892 бүлдіршін балабақшамен қамтылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйыммен 892,2 мың бала, оның ішінде жеке балабақшамен 351,1 мың бала қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйыммен 892,2 мың бала, оның ішінде жеке балабақшамен 351,1 мың бала қамтылған. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, білім берудің барлық деңгейінде, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ісінде де білім қызметін алушыларды тікелей дербестендірілген тәртіп бойынша қаржыландыруға көшу көзделген», - делінген Премьер-Министр Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.

Үкімет басшысының айтуынша, осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік сатып алуды жариялау тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізгелі отыр.

«Нақтырақ айтқанда мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жариялауда бұл құқықты ата-аналарға беру жоспарланған. Бұл бағыттағы қадам «әр баланың өз қаражаты» қағидатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - дейді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Асқар Мамин шығындардың жан басына шаққандағы нормативін инклюзивті білім беру тәртібіне енгізу мәселесіне қатысты айтқан.

«Бүгінгі таңда білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқытуға арналған әдістеме мен нормативті құжаттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген», - деп атап өтеді Премьер-Министр.