Қазақстанда 9 480 188 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 480 188 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 234 609 адам салдырған.

Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 046 638 адам, ІІ-ші дозасын 896 730 адам салдырған.

Оның ішінде:

І-ші компонентін 817 207 жасөспірім, 37 830 жүкті әйел, 135 186 бала емізетін әйел салдырған.

ІІ-ші компонентін 740 597 жасөспірім, 32 498 жүкті әйел, 117 794 бала емізетін әйел салдырған.