«2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылардың айрықша құзыретіне заңды және жеке тұлғалардың пайдасына тиесілі атқарушылық өндірістер өтеді. Сонымен қатар осы жылдан бастап жеке сот орындаушылар халыққа алимент, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өндіру мәселелері бойынша кепілденген мемлекеттік құқықтық көмек көрсететін болады. Мемлекеттік сот орындаушылар мемлекеттік мүддені көздейтін көшіру, орналастыру, бұзу, жер телімдерін алу және мемлекет пайдасына тиесілі 1000 АЕК жоғары сомаларды өндірумен айналысады», - делінген хабарламада.
Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың құқығын қорғау мақсатында жақын арада жеке сот орындаушылар сот және уәкілетті органдардың актілерін орындауын өз мойнына алады. Жеке сот орындаушылардың өкілеттігі жеке тұлғалардың банкілік есептерін сұрату еркіндігі арқасында айтарлықтай кеңейді. Жеке сот орындаушылардың көмекшілеріне процессуалдық әрекеттер мен қаулылырды шығарумен байланысты емес міндеттер берілді. Жеке сот орындаушыға ай сайынғы түсетін атқару өндірістердің үлес салмағы 118 құжатты құрайды.
Елбасы жария еткен Ұлттық жоспарда мемлекеттік сот орындаушылардың санын 2017 жылға қарай 66 пайызға (шамамен 849 адам) кезең-кезеңмен қысқарту қарастырылған. Республикалық палата негізінде ұдайы оқыту және тағылымдамадан өткізудің арқасында жеке сот орындаушылар мен көмекшілердің біліктілігіне талап жоғарлады. Мәжбүрлетілген атқаруды жедел өткізу мақсатында жеке сот орындаушылардың санкцияланатын әрекеттері 13-тен 7-ге дейін қысқартылды. Жеке сот орындаушысы жеке тәжірибе негізінде не кеңсе құрамында жұмыс істеуге құқылы.
ҚР Әділет министрлігімен жеке сот орындаушысы ісімен айналысамын деушілерге 2 438 лицензия беріліп, оның 900-і бүгінгі таңда қызмет етуде. Бүгінгі таңда жеке сот орындаушылардың атқаруында 1,4 трлн. теңгенің 670 мың атқарушылық құжаты бар. Оның 347 млрд. теңгені құрайтын 142 мың ісі толығымен аяқталды.
Айта кетерлігі, жеке сот орындаушылардың қызметі республиканың барынша аумағын қамтитын болады. Бүгінде олардың едәуір бөлігі Алматы (143), Астана (104) қалаларында және Қарағанды облысында (73) жұмыс істейді.