Қазақстанда 903 912 адам «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 наурыздағы мәліметтер бойынша Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 903 912 адам, ІІ-ші дозасын 703 362 адам салдырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде:

І-ші компонентін

Жасөспірімдер – 748 320,

Жүкті әйелдер – 34 191,

Бала емізетін әйелдер – 118 413.

ІІ-ші компонентін

Жасөспірімдер – 587 850,

Жүкті әйелдер – 26 072,

Бала емізетін әйелдер – 89 372.