Қазақстанда 93 014 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 93 014 адам коронавирус инфекциясынан (–85 418 + және 7 596 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 21 074 пациент стационарда, 71 940 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 491 адамның жағдайы ауыр,

• 425 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 201 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.