Қазақстанда 959 адам коронавирустан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 959 адам коронавирустан емделіп жатыр. Өткен тәулікте инфекцияны 12 адам жұқтырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

17 қазандағы мәлімет бойынша, 959 адам коронавирус инфекциясынан (–829 және 130 КВИ-) ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 107 пациент стационарда, 852 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

3 адамның жағдайы ауыр,

3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.