COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, вакцина салдырғандардың арасында 794 075 жасөспірім, 36 478 жүкті әйел, 130 280 бала емізетін әйел І-ші компонентін салдырған.
Ал екінші компонентін 709 408 жасөспірім, 31 024 жүкті әйел, 110 513 бала емізетін әйел салдырды.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 13 адамнан коронавирус анықталды.