«А» корпусы қызметкерлерінің «Б» корпусы лауазымдарына тағайындалу тәртібі жеңілдетіледі. Қазірде «А» корпусының қызметкерлерін төменгі орынға тағайындау тек Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шемімен ғана жүзеге асырылады. Заң жобасымен мұндай құқықты агенттікке беру ұсынылып отыр. Бүгінгі күні осындай тәжірибе «Б» корпусының қызметкерлерін ауыстыру кезінде қолданылып келеді.
Агенттік бұл жағдайларда үміткердің біліктілік талаптарына сәйкес, қорытынды береді. Қазіргі таңда «Б» корпусына қарағанда, «А» корпусының үміткерлерінен нақты бір мамандыққа сәйкес келу туралы талап қойылмайды. Ал «Б» корпусы үміткерлеріне білімінің мамандығына сәйкес келуі міндетті талап. Сол себепті «А» корпусының қызметкерлері де зерделеуге жататын болады»,-деді Қ. Қожамаров «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.
Оның сөзіне қарағанда, бұл талап Елбасының мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша тапсырмаларынан туындайды.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.