Ол өз сөзінде әлемдік статистикаға сәйкес созылмалы жұқпалы аурулар дүниежүзі түрғындарының денсаулығына, оның ішінде Қазақстан азаматтарына да зор қауіп туындататынын атап өтті. Олар уақытынан бұрын болатын өлім-жітімге себеп болып, мүгедектікке, толыққанды өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етеді.
Аталған қауіп-қатерлерді төмендету үшін әлемнің 30-дан астам елдерінде медициналық көмек көрсетудің профилактикалық және жүйелі тәртібіне негізделген Ауруларды басқару бағдарламасы енгізілуде.
Қазақстанда АББ 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 7 емханада артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті сынды үш нозология бойынша жүзеге асырылуда.
АББ-ның 1213 қатысушыларымен келісім жасалып, пациенттер жүргізетін өзін-өзі бақылау күнделіктері берілді. Келісімге сәйкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады.
Емханалар жанында пациенттерді өзіне-өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді.
Ілкі жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердің 75 пайызында артериалдық гипертензия деңгейінің көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау және гипотензивті препараттарды тұрақты тұрде қабылдау машықтарының қалыптасуы байқалды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды. Қант диабетін анықтауға тексерілген адамдар саны ұлғайды.
Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудің тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларының, БҚО, Қарағанды, Қостанай облыстарының емханаларында жүзеге асырылатын болады.
«Жалпы алғанда, 3200-ден астам адамды қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаны енгізу нәтижесінде аурулардың асқынуы мен өлім-жітім көрсеткішін 10%-ға төмендету, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы жүктемені азайту, стационарлық және жедел медициналық көмекке зәрулікті төмендету күтіледі», - деді ол Т.Әбілдаев.