Қазақстанда адам өлімі былтырға қарағанда 3,6 пайызға азайды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-шілдеде қайтыс болғандардың саны 82,6 мың адамды құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 3,6 пайызға кеміді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Қарастырылып отырған кезеңде 1 жасқа дейінгі 2671 нәресте өлімі тіркелді (2012 жылғы қаңтар-шілдеде 3231). Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәрестелер саны 17,3 пайызға кеміді. Нәресте өлімінің негізгі себебі, перинатальдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады, одан 1 551 нәресте шетінеді немесе өлім-жітім жағдайының жалпы санынан 58,1 пайызы.