Бас прокурор отырысты аша отырып, талқыланатын тақырыптың аса өзектілігін атап өтті, адамның денсаулығы мен өмірін қорғаудың құқық қорғау органдарының бірінші кезектегі міндеттері болып табылатынына тоқталып өтті.
"Бұл бағытта Ішкі істер органдары айтарлықтай жұмыс атқарды. Қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін аса ауыр қылмыстардың санын азайтудың елеулі үрдісіне қол жеткізілді. Мәселен, ағымдағы жылғы 10 айда өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда тіркелген адам өлтіру қылмыстарының саны 13,5 % азайды. Қылмыстардың ашылуы 80%-ға жуықтады, қоғамдық пікірге арқау болған бірқатар адам өлтіру қылмыстарының беті ашылды, - деп мәлімдеді А. Дауылбаев. - Олар ең алдымен, қылмысты ашу көрсеткіштерін жасанды түрде асыра көрсетудің ескірген практикасы туралы болып отыр, соның салдарынан түрлі қитұрқы амал-шарттарға жол берілуде - қылмыстық істер заңсыз тоқтатылуда, қылмыстар болса, заңсыз қайта саралануда және есепке алудан жасырылуда. Өткен жылы жасалған 5311 қылмыстың ішінде, биылғы жылы олардың 49 ғана ашылды".
Қалыптасқан жағдай жедел-тергеу топтары жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауы, жер-жерлердегі профилактикалық жұмыстардың төмен болуы салдарынан орын алып отыр.
Осыған байланысты, Бас прокурор адам өліміне қатысы бар қылмыстарды ашудың қолданыстағы формуласын қайта қарауды ұсынды, ол тергеу органдары жұмысының тиімділігінің объективті көрінісін анықтауға ықпал ететін болады. Прокурорларға ақталатын негіздер бойынша қысқартылған қылмыстық істер туралы жедел-тергеу органдары шешімдерінің негізділігіне ұдайы мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.
Сондай-ақ криминалистика саласын одан әрі дамыту, сараптамалық мекеме қызметін жетілдіру, сот-медициналық сарапшылары штатын кеңейту қажеттігі атап өтілді.
Прокурорларға жер-жерлерде қылмысқа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының қызметін тиісінше қамтамасыз ету, қасақана адам өлтіру қылмыстарының алдын алу, оларды ашу және тергеу бойынша жедел жұмыстардың жай-күйін қадағалауды күшейту тапсырылды.