-Халықтың байсалды қарауы Қазақстандағы сайлаудың негізгі ерекшелігі болып отыр, бұл - мен үшін басты көрсеткіш. Өйткені, ол халықтың ертеңгі күнге де сенімділігін, мемлекетпен үйлесімді өмір сүретіндігін білдіреді. Яғни, елдің жүзеге асыратын ұзақ және қысқа мерзімге арналған нақты мақсаттары мен жоспарлары бар. Қазақстанда адамдар, сайлауда берген дауысының маңызды екеніне сенімді», - дейді румыниялық байқаушы.
Румыниядан келген байқаушылардың саны - төртеу. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, өзге мемлекеттерден сайлау үдерісін талдап, сараптайтын байқаушылардың көп келуі - Қазақстанның ашық, әрі демократиялық қағидаттарға сүйенген мемлекет екенін білдіреді.