Қазақстанда адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған аттестация өткізу басталады

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі 2010 жылғы ақпанның 24-інен 27-сі аралығында адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған аттестация өткізудің басталғанын жариялайды. Бұл іс-шара олардың біліктіліктерін қуаттауға бағытталған,

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Аттестация екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңде Астанада қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұратын үміткерлер шақырылады. Бірінші кезең келесі кестеге сай өткізіледі: 2010 жылғы ақпанның 24-інде - Ақтөбе, Павлодар облыстары, ақпанның 25-інде - Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, ақпанның 26-сында - Қарағанды облысы, ақпанның 27-сінде - Астана қаласы.

Басқа облыстардың үміткерлері адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған аттестациядан өту күні туралы аумақтық әділет органдары арқылы, аттестациялау өткізілетін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, қосымша хабарланатын болады.

Қосымша мәліметтерді74-06-01 телефонымен алуға болады, электронды пошта: pressgov@mail.ru .