НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш көлемі 2 778 теңге мөлшерінде бекітілді. Мұндай өзгеріс ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойған «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлықта қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еліміздің Қаржы министрлігінің мәліметінше, аталған Жарлыққа сәйкес, мұнан бөлек минималды зейнетақы 40 441 теңге, күнкөріс минумы 32 668 теңге, базалық зейнетақы төлемінің минималды мөлшері 17 641 теңге, минималды жалақы мөлшері 42 500 теңге мөлшерінде бекітіледі.
Мемлекет басшысы Жарлығының толық нұсқасы ертең республикалық басылымдарда жарияланады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.