Қазақстанда ағымдағы жылы дала өртінің 132 оқиғасы тіркелді - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылы дала өртінің 132 оқиғасы орын алды. Бұл туралы бүгін, Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар  министрі  Владимир Божко мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Алматы облысында дала өртінің - 57, ШҚО-да - 16, Павлодар облысында - 25, ОҚО-да - 8 және басқа өңірлерде 1-2 оқиғасы орын алды.

 Министр атап өткендей, өткен жылы ҚР-да орман өртінің - 465 және дала өртінің 130  фактісі тіркелді, олардан келтірілген шығын 223 млн. теңгені құрады.

 «Жалпы алғанда министрлікпен 2012 жылы орман және дала өрттерінің алдын алу бойынша жоспар дайындалды. Бұл құжат өзара келісіп ұйғарым жасау үшін атқарушы органдар мен мүдделі министрліктер пен ведомстволарға жіберілді», - деді В. Божко.