Қазақстанда ақпарат беру жылдамдығы 100 Мбит/с-қа жетеді - К.Мәсімов
«Электрондық үкіметті дамыту бойынша кеңес өткіздім. Ауқымды міндет - ақпарат беру жылдамдығын 100 СМбит/с-қа жеткізу», деп жазды Үкімет басшысы Twitter-дегі парақшасына.
Сонымен қатар К.Мәсімовтің төрағалығымен кәсіпкерлік мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл жайында ол: «бизнеспен сындарлы диалог орната алды», - деп жазды.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес қызметінің мақсаты жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.