Қазақстанда ақпараттық технология саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 3,5 пайызға жуық - ҚР Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы

None
         АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -   Қазақстанда ақпараттық технология саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 3,5 пайызға жуық. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Біріккен коммуникация және байланыс форумында» айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         «Жалпы ішкі өнімдегі ақпараттық технология саласының үлесі айтарлықтай үлкен соманы құрайды. Оның басым бөлігі телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың еншісінде. Алдағы уақытта бұл сала жыл сайын орта есеппен 20 пайызға  дамымақ. Ол байланыс, ақпарат және ақпарат жүйесіндегі жаңа қызметтердің есебінен өркендейтін болады», дейді ҚР Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев. Оның айтуынша, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі,  Корея Коммуникация комитетінің жанындағы  Корей Халықаралық ынтымақтастық ақпараттық технологиялар агенттігі және  Қазақстанның ақпараттық технологиялар компаниялары қауымдастығы бірігіп ұйымдастырған бұл шара екі елге де өз пайдасын тигізеді. Мұндай форумдардың маңызы өте зор. Оған Қазақстан Үкіметі де қазір ерекше көңіл аударып отыр.