Қазақстанда АҚТҚ дертін жұқтырғандар саны 20,8 мың адамға жетіп отыр

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (ВИЧ-АҚТҚ) дертін жұқтырғандар саны 20 мың 849 адамға жетті. Бұл туралы Республикалық Жұқтырылған иммундық тапшылық синдромының (СПИД-ЖИТС) алдын алу және оған қарсы орталығынан хабарланды.

«Республикамызда 2013 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 20 849 адам АҚТҚ жұқтырған, 1 850 ЖИТС-пен ауыратын адам тіркелді. Ағымдағы жылдың 31 мамырында Қазақстанда 20 678 АҚТҚ - жұқтырған болса, 1 831 ЖИТС-ке ұшыраған адам тіркелген болатын», - делінген орталықтың сайтында жарияланған хабарда.