Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман түседі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–8 градус аяз күтіледі.
Ауа температурасы:
Батыста: күндіз ауа температурасының негізгі фоны 11… 18°С болады.
Солтүстікте: түнде ауа температурасы −4…−10°С-тан 0… 5°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз 2… 7°С-тан 6… 11°С-қа дейін аздап құбылады.
Орталықта: түнде ауа температурасының негізгі фоны −2…−10°С, күндіз 0… 5°С-тан 5… 12°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Шығыста: түнде ауа температурасының негізгі фоны −5…−10°С, облыстың таулы аудандарында −13…−18°С болады. Күндіз −5… 5°С аралығында күтіледі.
Оңтүстікте: күндіз ауа температурасының негізгі фоны 8… 15°С болады.
Оңтүстік-шығыста: күндіз ауа температурасы 2… 7°С-тан 6… 12°С-қа дейін аздап жоғарылайды, таулы аудандарда −1…−6°С күтіледі.
Бұдан бұрын алдағы үш күнде аяз батыстан басталып, оңтүстікке қарай жылжитынын жазған едік.