Карск теңізінен арктикалық ауа Қазақстанның солтүстік аудандарына жетіп, аяздың күшеюіне себеп болды.
Алдағы үш тәулікте 5-15º С климаттық нормадан төмен температурамен аяз оңтүстік-шығыс бағытқа араласып, біртіндеп Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Аязға қалың қар мен боран қосылады. Бұл ауа райын күрделендіре түспек.
15:17, 21 Желтоқсан 2016
Қазақстанда алдағы 3 күнде аяз күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аумағында алдағы үш тәулікте күшті аяз болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.