Қазақстанда алдағы 3 тәулікте күн жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде, яғни 26-28 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа температурасы көтерілуде деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райын циклондар, антициклон мен онымен байланысты атмосфералық ағымдар айқындайтын болады. Ауа температурасы осы күндері климаттық нормадан жоғары, яғни 4-8ºС болады. Ал, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында күндізгі температура 10ºС-қа дейін артады»,-делінген хабарламада.