«Мамыр айындағы күн райы құбылмалы, 2 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, кей жерлерінде жел тұрған болса, алдағы үш тәулік ішінде антициклонның ықпалымен ауа температурасы 20...27 ºС дейін жылынады. Қазақстанға Поволжье аймағынан қайтадан суық атмосфералық ағын келеді. Оның батыстан шығысқа қарай жүріп отыруына байланысты, Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінен басқа барлық аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жауып, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Астанада 4 мамыр күні ала бұлтты болғанымен, жауын-шашын жаумайды деп күтілуде. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 10 12 °С, күндіз 23 25°С. 5 мамыр күні: ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 11 13°С, күндіз 23 25°С. 6 мамыр күні: ала бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8 10°С, күндіз 17 19°С.
Алматыда 4 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел жылдамдығы - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 9 11°С, күндіз 23 25°С. 5 мамыр күні де ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 14 16°С, күндіз 26 28°С.