Қазгидрометтің мәлімдеуінше, Иран аймағынан келе жатқан жылы ауа массалары Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстарында температураның жоғарылауына себепші болады. Аталған өңірлерде алдағы үш тәулікте жаздағыдай жылы және жауын-шашынсыз ауа райы болады, күндізгі ауа температурасы 23…30°С, оңтүстікте плюс 30…35°С-қа дейін жоғарылайды.
Республиканың батыс және солтүстік облыстарында ауа температурасы төмендейді, кей жерлерде найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, күшті жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал.