Қазақстанда алдағы тәуліктерде күн жылынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 8-10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аптаның басында батыстан шығысқа ауысатын биік таулы жоталар республиканың басым бөлігінде температуралық фонның жоғарылауын алып келеді. Жерге жақын антициклон жауын-шашынсыз ауа райының сақталуына ықпал етеді. Алайда, орталық және шығыс Қазақстанның жекелеген аудандарында түнгі және таңғы уақыттарда үсік болады.

Алдағы үш күнде күздің салқын түндері мен жылы күндері күтіледі.