«Атлант ауасының ызғары бар солтүстік антициклон республика аумағы арқылы жылжи отырып, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік өңірлерде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. 4 маусымға қарай суық антициклонның жақындағанын оңтүстік өңірлер де сезеді. Күндіз термометрлер 18-23 градусқа дейін төмендейді», - делінген синоптиктер болжамында.