Синоптиктер болжамынша, елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, бұршақ және жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстігінде күндіз ауа температурасы 18...24 градусқа дейін төмендейді. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.