Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серіки Нокин мәлім етті.
Оның айтуынша, еліміз бойынша 100 Гкал/с-ға дейінгі қуаттағы жалпы 6 304 қазандық бар. Әкімдіктер бекіткен жоспарда 3 234 қазандыққа жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған екен. Негізінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған.
«15 шілдедегі жағдай бойынша 1 650 қазандық дайындалды»,-деп нақтылады С. Нокин.
Сонымен қатар ол бұл бағыттағы жұмыстардың қарқыны өзге өңірлерге қарағанда ШҚО (16 пайыз) мен ОҚО-да (17 пайыз) баяу жүріп жатқандығын атап өтті.