Президенттің тапсырмасы бойынша сондай-ақ үлестік салымшылардың проблемалары, басқа да әлеуметтік мәселелер шешімдерін табуда: жылдың басынан бері зейнетақылар, стипендиялар, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақылары көтерілді. Оған қоса, биыл 37 мектеп салынды, 10 ірі медициналық мекеме ашылды. Бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде 457 жаңа балабақша мен мектеп жасына дейінгі балаларды дайындайтын шағын орталықтар ашылды.
«Осының барлығы халық үшін, қарапайым азаматтар үшін жасалып жатыр және бірліктің, тұрақтылықтың арқасында мүмкін болып отыр», -деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.