Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жаңартылған тізімге кіретін науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады.

Жаңа тізімге мыналар кіреді:

• Туберкулез;

• ВИЧ-инфекция;

• созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы;

• қатерлі ісіктер;

• психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;

• алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі;

• жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары;

• орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы;

• сирек кездесетін аурулар;

• эпилепсия;

• инсульт (1 жылға дейін).

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 9 айдың қорытындысы бойынша мыңнан астам нәрестеден көз ауруы анықталғанын жазғанбыз.