«Су тасқыны, эпидемия және басқа да төтенше жағдайлар кезеңінде халықтың әсіресе әлеуметтік осал топтары қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл тұрғыда, осы топтардың тиісті органдар мен құрылымдардан ақпарат алуына, сондай-ақ көмек пен қолдауға жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жедел желінің қажет екенін түсінікті.
Осыған байланысты Омбудсменнің жедел желісінің байланыс деректерін ұсынамын. Атап айтқанда, 7 702 282 61 83 ұялы байланыс нөмірі және upolnomochennyysusn.2024@gmail.com
электронды пошта арқылы ақпарат алуға болады», - деді К. Сейтжан Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 15 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен 2300 отбасына 555 млн теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек жасалғаны мәлім болды.