Министрліктің мәліметінше, бұл жұмыс мемлекеттік органдар мен онлайн-платформалар өкілдерімен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
– Халықаралық тәжірибе негізінде мемлекеттік органдар мен онлайн-платформалардың өкілдері заңнама талаптарын іске асыру үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық тетіктерді әзірлеп жатыр. Оның ішінде пайдаланушылардың жасын верификациялау әдістері, деректерін растау тәртібі және өзге де қажетті құралдар қарастырылған, - деп хабарлады министрлік.
Ведомствоның мәліметінше, заң жобасында жедел хабар алмасу сервистерін қоспағанда, 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды онлайн-платформаларда тіркеуге шектеу қою көзделген.
Министрлік бұл шара балаларды цифрлық кеңістіктегі қауіптерден қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Айта кетейік, қазір Үкіметтің қарауында жатқан заң жобасында жедел хабар алмасу сервистерін қоспағанда, 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды онлайн-платформаларда тіркеуге тыйым салу көзделген.
Бұған дейін Ұлыбританияда 16 жасқа толмағандарға Snapchat, TikTok, YouTube, Instagram, Facebook және X сияқты платформаларға кіруге тыйым салынатыны жайлы жаздық. Шектеу 2027 жылдың көктемінде күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Қазақстанда 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің әлеуметтік желілерде тіркелуіне қатысты әзірленіп жатқан заң жобасында бірнеше елдің тәжірибесі ескерілген.