Қазақстанда алғаш рет 700 миллион доллар көлемінде ірі инвестициялар игерілді

None
ЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстанда алғаш рет 700 миллион доллар көлемінде ірі инвестициялар игерілді, соның арқасында жаңа алтын өндіру комбинаты салынып отыр, - деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Васильков кен байыту фабрикасының жұмысшыларымен болған кездесуде.

Елбасы өз сөзінде, жаңа фабриканың батыс елдерінен жеткізілген жаңашыл технологиялық жабдықтарға ие екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, жаңа өндірістің арқасында 1 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Нұрсұлтан Назарбаев өндірісте тек жаңа мамандықтар бойынша білім алған және жақсы табыс алудың мүмкіндігіне ие болып отырған жергілікті кадрлар ғана жұмыс істейтінін атап көрсетті.

«Индустриялық-инновациялық бағдарлама да дәл осындай мақсаттарға бағытталған», - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.