Елбасы өз сөзінде, жаңа фабриканың батыс елдерінен жеткізілген жаңашыл технологиялық жабдықтарға ие екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, жаңа өндірістің арқасында 1 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Нұрсұлтан Назарбаев өндірісте тек жаңа мамандықтар бойынша білім алған және жақсы табыс алудың мүмкіндігіне ие болып отырған жергілікті кадрлар ғана жұмыс істейтінін атап көрсетті.
«Индустриялық-инновациялық бағдарлама да дәл осындай мақсаттарға бағытталған», - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.