НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде алғаш рет Kyokushin World Union нұқсқасы бойынша Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрлықтық додаға KAN, IFK, KWF, WKO федерациясының ішкі чемпионатта іріктеуден өткен өкілдері жиналмақ.
Елорда төрінде өтетін бәсекеге 15 елдің спортшысы келеді деп күтілуде. Аталған жарыста еліміздің намысын Әлішер Кәрменов, Жәнібек Темірлан, Никита Гарас спортшылар қорғайды. Олар Әлем және Азия чемпионатында жүлделі орындардан көрінген.
Еске салсақ, бүгін ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық шығады.
Сондай-ақ, көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін басталатын Азия ойындарының іріктеу кезеңіне қатысады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.