Қазақстанда алғаш рет «Kazakhstan Health Prosperity-2011» атты халықаралық салауатты өмір салты көрмесі ашылды

ТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстандағы алғашқы «Kazakhstan Health Prosperity-2011» атты халықаралық салауатты өмір салты көрмесі ашылды.

Үш күнге созылатын көрменің негізгі мақсаты - отандық нарыққа ел азаматтарының денсаулықтарын қалпында сақтауға және нығайтуға заманауи әдістемелерді, жабдықтарды ұсыну, спорт, белсенді демалу, ойын-сауық, денсаулық және сұлулық салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

Іс-шараға елімізде жоғарыда аталған саладарда қызмет көрсететін 60-тан астам компаниялар, кәсіпорындар және ұйымдар қатысуда. Көрме аясында елордалықтардық спорт клубтарының, шипажайлардың, сауықтыру мекемелерінің өкілдерімен кездесуге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар «Kazakhstan Health Prosperity-2011» атты халықаралық салауатты өмір салты көрмесі аясында еліміздегі ең үздік таныстырушылардың қатысуымен алғаш рет степ-аэробика, боди-джэм, пилатес, клаб-йога, боди-комбат сынды бағыттар бойынша фитнес-конвенция өтеді.