Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион электронды аукциондар операторының сайтында өткізіледі.
«Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион 2020 жылғы 23 желтоқсанында болады. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Аукцион арқылы 10 учаскені сату жоспарлануда», - деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аукционға өтінімді 29 қарашаны қоса алған мерзімге дейін электрондық аукциондар операторының сайтында аукционға қойылған учаскелер бойынша беруге болады.