Қазақстанда алғаш рет өңірлер бойынша ауқымды халықаралық блог-тур өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16-21 тамыз аралығында «Қазақстанды таны» жобасы аясында тревел-блогерлер ретінде кеңінен танымал және мыңдаған жазылушылар аудиториялары бар 35 шетелдік блогерлер үшін Қазақстан бойынша халықаралық блог-тур өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаға қатысу үшін Қазақстанға Ұлыбритания, Аустралия,АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Грекия, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия,Филиппин және Канададан видеоблогерлер келеді. Олар Қазақстанның блогерлеріменбірге тарихи көрікті жерлермен және табиғи сұлулықтармен танысу үшін еліміздіңөңірлері бойынша 5 күндік турнэге аттанады.

Блог-турҚазақстан өңірлері бойынша 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады.

1-бағытұзындығы 440 км Шығыс Қазақстан облысы бойынша өтеді. Блогерлер: Рахманқайнарлары, Радостный асуы, Брел қорғандары, Қатонқарағай ауданы, «Косы Вероники» сарқырамасы,Зырян және Осиновка асуы.

2- бағытОңтүстік Қазақстан облысында сәулет ескерткіштері бойынша өтеді: ТүркістандағыҚожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар мен Сауран ежелгіқалашығы, сондай-ақ Ақсу Жабағылы қорығы.

3- бағытОрталық Қазақстан бойынша: «Бурабай» ұлттық табиғи паркі,«Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражайы, «АЛЖИР»мұражайы, Нұр-сұлтан қаласына саяхат жасайды.

4- бағытБатыс Қазақстан облысы бойынша: Маршрут аясында Ақтау, Бозжыра шатқалдары мен алқабы,Кендірлі, Тоқмақ мысы, Қарақия және Түйеске барады.

5- бағытАлматы және Алматы облысы бойынша: Блогерлер Алматы, БАО, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, Тамғалы тас және Алтын емелге барады.

Блог-турдыңқорытындысы бойынша блогерлер Қазақстан бойынша саяхат туралы бейне шолу жасап,YouTube-тағы өз арналарына орналастырады.

Тураяқталғаннан кейін блогерлер 24-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін«Қазақстанды таны» атты халықаралық блогерлер форумына қатысады.Форум барысында супер-ақпараттық және пайдалы мастер-кластар ұйымдастырылады,онда олар блогингті дамытуға арналған барлық фишкалар туралы біледі. Атапайтқанда: «Тревелблогинг», «YouTube-блогер профилін дамыту /ЛОМ»,«Бизнес-блогинг», «Instagram-блогер профилін дамыту / ЛОМ»,«Qazaq Instagram» және басқалар. Сонымен қатар, жаттықтырушыларInstagram және Youtube блогерлердің профильдерін қалай дамыту және сапалымультимедиялық контент құру туралы пікір бөліседі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «A kind heart» ҚБ.

Жобаныңстратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – «InternetPortal NUR» ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - «PowerMedia» ЖШС және туризм саласындағы Қазақстанның бренд-менеджері болыптабылатын «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясы.

ЖобаҚазақстандағы жастар жылы аясында жүзеге асырылуда және дарынды жастарғакөмектесу, елдегі туризм мен бейнеблоггингті дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар